Республика бойынша өткен тәулікте төрт адам суға кеткен

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Республикадағы өзендер мен су қоймаларында шомылу кезінде өткен тәулікте төрт адам суға батып кеткен,

Республика бойынша өткен тәулікте төрт адам суға кеткен

деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сәрсенбі, маусымның 9-ы күні таңғы сағат 09.00-де Есіл өзенінде шомылып жүрген 30 жастағы ер адам суға кеткен. 1,5 сағат өткен соң ҚР ТЖМ су-құтқару қызметінің күшімен оның денесі судан шығарылды.

Сол күні, екі сағат өткен соң Қазақстанның солтүстігінде, СҚО Аққайың ауданыТоқұшын ауылдық округіндегі жасанды су қоймасында 50 жастағы ер адам суға батып өлген. Сағат 13.15-де оның денесін судан ауыл адамдары шығарған.

Сағат кешкі 17.00 шамасында Қарағанды облысы Абай ауданы Вольный ауданынан 500 метр жердегі су қоймасында 27 жастағы жігіт батып кеткен. Бір сағат өткен соң оның денесін ҚР ТЖМ судан құтқару қызметкерлері алып шыққан.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка аулындағы Есіл өзеніне шомылып жүрген 47 жастағы ер адам батып кеткен. Оның денесін ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің қызметкерлері әлі іздеп жатыр.