Республика бойынша шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылды - Қ. Мәми
«Өткен жартыжылдық бойынша республикадағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары сот төрелігінің сапасы мен істерді қарау мерзімдерін тұрақты сақталуы қамтамасыз етілгенін көрсетіп отыр. Мәселен, республика бойынша шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылды. Істерді қарау мерзімдерінің бұзылуларына жол берілген жоқ. Еліміздің сот корпусының құзыреттілігі мен кәсібилігін тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер де дәлелдеп отыр», - деді Қайрат Мәми.
Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Төрағасының айтуынша, тұтастай алғанда сот жүйесінде соңғы уақытта ауқымды шаралар қамтамасыз етілуде. «Дегенмен, өткен жылдардағы олқылықтардың орнын толтыратын уақыт жетті. Электрондық классификаторды енгізу барысында бірқатар мәселелер бойынша проблемалар бар екені де белгілі болды. Жекелеген соттарда көптеген іс санаттары бойынша біркелкі сот практикасының қалыптаспай отырғаны туралы сындардың орынды болғанын да мойындауға тиіспіз», - деді Қ. Мәми.