Республика бойынша тәркіленген есірткі мөлшерінің 3-тен бірі кеден органы қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асып отыр

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Республика бойынша тәркіленген есірткі мөлшерінің 3-тен бірі кеден органы қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарымен кездесуі барысында Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Республика бойынша тәркіленген есірткі мөлшерінің 3-тен бірі кеден органы қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асып отыр. Негізінен, есірткімен күрес арнасын бақылаумен кеден органының 14 қызметкері ғана айналысады. Соған қарамастан, бұл бағыттағы көрсеткішіміз де қомақты. Мәселен, кеден қызметкерлері 2006 жылы 243 килә есірткі заттарын тәркілесе, оның ішінде 55 килә героин, 2007 жылы 224 килә есірткі, оның 101 киләсі героин, 2008 жылы 728 килә есірткі, бұның 596 киләсі героин болып отыр. Бұлардың басым бөлігі шекарада тәркіленген есірткілер», деді Қ. Кәрбозов. Оның айтуынша, кеден органы саласында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жанданып, ірі партиялы еліткіш заттар тәркіленген. Сонымен бірге, былтырғы жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жедел тобы Қазақстанның және Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп Ауғанстаннан Қырғызстан мен Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына героин жеткізілетін халықаралық есірткі арнасының жолын кескен.
Соңғы жаңалықтар