Республика бойынша ұялы байланыс абоненттерінің саны 15 млн. астамды құрады - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Республика бойынша ұялы байланыс абоненттерінің саны 15 миллионнан астам.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік төрағасының айтуынша, 2006 жылы ұялы байланыс абоненттерінің саны 100 адамға шаққанда 45 адамды, 2007 жылы 78 адамды құраса, өткен 2008 жылы 100 адамға 98 абоненттен келген, яғни абоненттер саны 15 миллионнан астамға жеткен. Бұндағы көрсеткіш негізінен ұялы байланыстың қызметі үшін сатылған сим-карталардың есебінен алынып отыр. Агенттік төрағасының айтуынша, бұндай көрсеткіш телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында бекітілген «100 тұрғынға шаққанда 50 абонент» көрсеткішінен асып түседі. «Соңғы уақытта ұялы байланыс операторларын пайдаланушылар саны артып келеді. Біз өткен жылы осы салаға қатысты заң жобасын қабылдап, онда операторлардың ауылдық жерлерде байланысты жақсартуға жұмыс істеуі қажеттігі туралы нормалар қамтылған болатын. Яғни, операторлар өз пайдасының белгілі бір бөлігін ауылдық жерлердегі байланысты дамытуға жұмсауы тиіс. Сондықтан да, бүгінгі күні өңірлердегі байланыс сапасын жақсарту және байланыс тарифтерін төмендету шаралары жалғасып келеді. Сонымен бірге, 2012 жылғы желтоқсанның 31-іне дейінгі мерзімде операторларға мың және одан көп тұрғыны бар ауылдарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін қосымша лицензиялық міндеттемелер беріледі. Сондай-ақ, қазіргі таңда қажетті жиілік жолақтарын босатып, онда алдыңғы қатарлы 3G ұялы байланыс стандарттарын енгізу жоспарлануда», деді Қ. Есекеев.
Соңғы жаңалықтар