Республика бойынша Жаңақорған ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі үздік деп танылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Үстіміздегі жылдың 4 ақпан күні Астана қаласында «Жыл спортшысы - 2014» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылдың қорытындысымен 10 аталым бойынша спорт саласындағы үздіктерді марапаттады.
Оның ішінде 2 номинацияны қызылордалықтар иеленді. Атап айтсақ, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін Әлем чемпионы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин «Жылдың үздік спортшысы» номинациясына ие болса, республика бойынша «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясын Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, 2013 жылдың қорытындысында «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясын Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі еншілеген болатын.