Республика кәсіпорындарында 25 млрд. тонна қоқыс жинақталған - Қоршаған ортаны қорғау министрі

АСТАНА.  11 маусым. ҚазАқпарат - Республиканың кәсіпорындарында жинақталған қоқыс 25 млрд. тоннаға жетіп отыр.

Республика кәсіпорындарында 25 млрд. тонна қоқыс жинақталған - Қоршаған ортаны қорғау министрі

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Ведомство басшысының айтуынша, еліміздегі экологиялық проблемалардың басым бөлігі өндірістік шығарылымдар мен жинақталған қалдықтарға қатысты болып отыр. «Республикамыздың кәсіпорындарында 25 млрд. тонна қоқыс жиналған. Ал өндіріс нысандарының атмосфералық шығарылымдары жылына 3 млн. тоннадан асады. Мұның 85 пайызы  еліміздегі 42 ірі кәсіпорынның еншісінде»,-деді министр.

Оның айтуынша, су нысандарына жіберілетін шығарындылар 2,8 млн. тоннаны құрайды. Сондай-ақ, жыл сайын елімізде 5 млн. тонна тұрмыстық қатты қалдықтар пайда болып, оның тек 5 пайызы ғана өңдеуден өтеді.