Республика күні: Астанада мерекелік отшашу өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Республика күні елордада демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Республика күні: Астанада мерекелік отшашу өтеді

Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі тұсында – жағалаудағы Атырау көпірінде және Ботаникалық бақ аумағында өтеді. Отшашудың ұзақтығы – шамамен 10 минут, ал атыс саны – 3,5 мың.

«Айта кету керек, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекеге орай 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізу жоспарланып отыр, олардың жартысы бүгінге дейін өткізілді. Мереке аясында елордада және түрлі аудандарда әр саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, еңбек ардагерлері, батылдығымен көзге түскен азаматтар және т.б. марапатталады», - дейді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Республика күніне орай 17 қазанда басталған ауқымды шаралар 28 қазанға дейін жалғасады.

https://kaz.inform.kz/news/respublika-kuni-onirlerde-kalay-toylanady_a3992668

Дьявол носит Prada 2
Ұқсас жаңалықтар

233 млн доллар: «Дьявол носит Prada 2» фильмі әлемдік прокатта бірінші орынға шықты