Республика күні: Жетісу облысында кәсіпкер ауылға спорт кешенін салып берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Республика күні қарсаңында Жетісу облысының Ақсу ауданында заманауи тұрғыда салынған спорт кешені ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республика күні:  Жетісу облысында кәсіпкер ауылға спорт кешенін салып берді

Ақсулық азамат Сүлеймен Айдын Айқанұлының демеушлігімен салынған нысанның жалпы құны - 350 млн теңге.

Жаңа нысанда ауыл балаларына баскетбол, волейбол, шағын футбол, бокс, қазақша, еркін күреспен айналысуға барлық жағдай жасалған. Қажетті спорттық жабдықтармен толық қамтылған. Кешен жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Алмат Үшкемпіров, аудандық мәслихат хатшысы Бейбіт Жаңылысұлы, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы, мекеме, бөлім басшылары, ардагер спортшылар, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысты.