Республика мектептерінде «Денсаулық аптасы» өтеді

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 3-8 қыркүйек аралығында республиканың барлық мектептерінде «Денсаулық аптасы» өтеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлайды.

Республика мектептерінде «Денсаулық аптасы» өтеді

«Денсаулық аптасының» ұраны: «Күнделікті дене белсенділігі - денсаулық пен ұзақ жасаудың жолы!». 

«Денсаулық аптасының» аясында олимпиадашылар мен басқа танымал спортшылардың қатысуымен өтетін салтанатты шаралар, «Күнделікті дене белсенділігі - денсаулық пен ұзақ жасаудың жолы!» тақырыбындағы диктанттар мен шығармалар жазу ұйымдастырылады, дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, қауіпсіз тәртіп мәселелері бойынша әңгімелесулер, пікірталастар, тренингтер, спорттық эстафеталар, веложарыстар, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Біз - спорттық отбасымыз» атты көңілді старттар, байқаулар, викториналар, салауатты өмір салты тақырыбына арналған балалар шығармашылығының көрмелері және тағы басқалары өткізіледі. 

«Денсаулық аптасы» акциясы мектеп оқушыларының салауатты өмір салты, денешынықтыру және спортпен айналысудың денсаулық сақтаудағы және оны нығайтудағы маңыздылығы жөніндегі аспектілері бойынша ақпараттандырылуын жоғарылатады.