Республика мектептерінде «мектеп инспекторы» институтын енгізу қажет ? алқа мәжілісі

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы ішкі істер саласының қызметкерлері «Астана - есірткісіз қала» бағдарламасының аясында елордадағы 8 мыңға жуық студенттер мен орта мектеп оқушыларының арасында ерікті тестілеу жұмыстарын жүргізген.
None
None
Осы жұмыстардың нәтижесінде олардың 3 пайызға жуығының есірткі тұтынатыны мәлім болған. Бұл мәліметтерді бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен алқа мәжілісінде министр Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бүгінгі таңда тәртіп сақшылары бастамашы болып отырған мектеп оқушыларының есірткіге қатыстылығын тестілеу жөніндегі заң жобасы бірінші кезекте балалар мен олардың ата-аналарына қажет. «Ата-аналары балаларының есірткіге еліткендігін неғұрлым ерте білсе, оларды ажалдан арашалау да соғұрлым мүмкін болады. Бұған қоса, балаларды есірткі атты «тажалдан» сақтандыру мен ұрлық-қарлық сияқты әрекеттердің алдын алу үшін орта мектептерде «мектеп инспекторлары» институтын жетілдіру қажет. Қазіргі таңда олардың саны 1 мың 400-ден аспайды. Ал жағдайды нақты бақылауға алу үшін бұл инспекторлар барлық қалалық мектептер мен ауылдық аймақтардағы оқушылар саны көп оқу орындарының барлығында болуы керек. Бұл бастаманы ұстаздар мен мектеп басшыларының барлығы да қолдап отыр. Бұл бағытта біз тиісті жұмыстар жүргізудеміз», деді министр.
Соңғы жаңалықтар