Республика өңірлерінде 2 адамның ажалы судан болды
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Республика өңірлерінде 2 адамның ажалы судан болды.
Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, Алматы облысына қарасты Текелі қаласындағы бассейнге шомылған 23 жастағы жігіт тұншығып өлді. Оның денесін ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.
Ал Петропавл қаласында 31 жастағы азамат белгісіз жағдайда қазандық шұңқырдағы суға батып кетті. Оның мәйітін судан ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары шығарып алды.