Республика өңірлерінде сапалы пошта байланысы мәселесі әлі толық шешімін таппай отыр ? В. Бобров

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Республика өңірлерінде сапалы пошта байланысы мәселесі әлі толық шешімін таппай отыр. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Владимир Бобров осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» партиясының бағдарламасына сәйкес, атқарушы билікке ауылдық жерлерде телекоммуникация желілерін дамытуға бағытталған бірқатар міндеттемелер жүктелген. Бұндай міндеттемелерді толық орындау үшін осы бағыттағы жоспарларды қарқындата түсу қажет. Бүгінгі күні бірқатар ауылдарда сапалы пошта қызметін пайдалана алуға мүмкіндік болмай отыр. Бұл да партияның бақылауында тұрған, әлі де толық шешімін таппаған әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Сондай-ақ қазіргі таңда операторлар ұсынатын ұялы байланыс қызметі бағасының қымбаттығына байланысты да көптеген мәселелер көтеріліп келеді. Өткен жылы қабылданған заң нормаларына сәйкес, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі тарифке және сапалы байланысқа қатысты шараларды тереңдетуі тиіс», деді В. Бобров. Сонымен бірге, депутат бүгінгі күні ел тұрғындарының басым бөлігі үшін интернетті пайдалану мүмкіндігі жоғары екендігіне тоқтала отырып, бірақ көпшілік азаматтардың интернетті пайдалану сауатының төмендігін алдыға тартты. Осыған орай, депутат В. Бобров ел азаматтарын интернет қызметін пайдалануға оқыту қажеттілігін айта келе, интернетке қолжетімділік нәтижесін іс жүзінде жұртшылықтың пайдалануымен бірдей деңгейге жеткізу туралы мәселе көтерді.
Соңғы жаңалықтар