Республика сарайы күрделі жөндеуге жабылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл күні Қазақстан өнерінің ең көрнекті жұлдыздары сахнаға шығады. Оларға отандық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі мен осы сахнадағы жемісті еңбегі үшін атаулы сыйлықтар табыс етіледі. Алматылықтар мен қала қонақтарына көңілді күй сыйлағаны үшін осындай сыйлықтармен Роза Рымбаева, Лаки Кесоглу, Батырхан Шүкенов, Айжан Нұрмағанбетова, Нұрлан Абдуллин, Мақпал Жүнісова, Сембек Жұмағалиев, Ділназ Ахмадиева, Асылбек Еңсепов, «Орда», «Кешью», «Ринго», «Проспект», «Метисы», «Ұлытау»,«Дос- Мұқасан» топтары, «Гүлдер», «Тодес» би топтары марапатталады. Олардың қатарында халық әртістері Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Сара Тыныштығұлова, Ескендір Хасанғалиевтер бар. Республика сарайы ұзақ жылдардан бері Қазақстан ғана емес ТМД аумағындағы ең ірі концерттік кешендердің бірі болып келді. Архитектуралық шешімі үздік ғимарат 1970 жылы пайдалануға берілген болатын. Ғимараттың авторлары В.Алле, В.Ким, Ю.Ратушный, Н.Рипинский, А.Соколов, Л.Ухоботов 1971 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 3 мың адамға арналған ғимарат салынғалы бер күрделі жөндеуден өтпеген еді. Алдағы күрделі жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың тарихи келбеті сақталып, ішкі құрылымы толық жаңартылмақ.