Республика сарайының қайта жарақтандыру жұмыстары аяқталып қалды

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Республика сарайын қайта жарақтандыру жұмыстары аяқталып қалды. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімовтің Республика сарайына жасаған кезекті жұмыс сапары барысында айтылды. Қала басшысы, нысанның құрылыс жұмыстары барысымен танысып, қала тұрғындары мен үлкен мегаполис қонақтарының қауіпсіздігін сақтау ең өзекті мәселе екендігін ерекше атап айтты.
None
None

Қазіргі кезде Республика сарайында әрлеу жұмыстары аяқталуда. Қондырғылар монтаждалып, барлық деңгейдегі қауіпсіздік жүйелері орнатылуда, соның ішінде «антитеррор» жүйесі де қойылуда. Бүгінгі күнге дейін қалпына келтіру жұмыстары түгел орындалған, энергожинақтау технологиялары орнатылып, ескірген конструкциялар мен қондырғылар жаңартылды, тіпті, мәдениет ошағының сыртқы келбеті де толықтай өзгертілген. Сейсмикалық төзімділік шаралары да жүзеге асырылған. "Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сай жүруде",-дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, 40 жыл ішінде еш жөндеу көрмеген Республика сарайы 2010 жылы күрделі жөндеуге қойылған болатын.

Фасадты жаңғырту барысында елеулі өзгерістер болды, ескі қабаттар жаңа әрі әдемі әрлеу материалдарымен алмастырылды, мұның барлығы қазіргі заман архитектурасы талаптарына сай жасалуда. Терезелер, витраждар, есіктер заманауи материалдармен толық жаңартылды. Сарайдың сыртқы қанаттары, баспалдақтары, блоктарына да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әрлеу жұмыстарына сапалы, экологиялық қауіпсіз құрылыс материалдары қолданылған. Қабырғалар мен бөліктер КазНИИСС РМК-ның нұсқауы бойынша, қатайтылды.

Өрт қауіпсіздігі шаралары да мықтап қолға алынған, жаңа техникалық талаптарға сай жүргізілген. Сахнаға өртке қарсы шымылдық ілінетін болады.

Жаңаланған сахнада үш көтерме механизмі бар оркестр отыратын ойық жасалды, онда сондай-ақ, музыкалық жабдықтар сақталатын орын да бар. Бұл Республика сарайының үлкен жаңашылдығы болып отыр.

Ғимаратта мүмкіндіктері шамалы жандардың қозғалысы да ескерілген. Жаңа санитарлық талаптарға сай азық- түлік блоктары, буфеттер жасалуда. Әкімшілік және қосымша бөлмелер де түгел өзгертілді. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңадан қосымша бөлмелер - 50 орынды конференц зал, әсемдік салоны, аудиокиоск; гүл дүкені, дыбыс жазатын студиялар ашылатын болады.

Жаңғырту жұмыстары барысында ғимарат алды мен паркинг абаттандырылады.

Соңғы жаңалықтар