«Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры БАҚ өкілдері арасында зейнетақы саласындағы жарияланымдарға арналған конкурс жариялады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конкурсқа БАҚ-та ақпанның 1-і мен мамырдың 1-і аралығында жарияланған материалдар жіберіледі. Әр қатысушы осы мерзім аралығындағы 3 материалын конкурстың ұйымдастыру алқасына жіберуі тиіс. Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік сараптама», «Үздік білім беруші материал», «Үздік жағымды материал» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Жүзден жүйрік шыққандарға Түркияның демалыс орындарына жолдама берілмек. Конкурсқа материалдар мамырдың 1-іне дейін қабылданады. «Қазіргі таңда зейнетақы жүйесінде бірқатар өзгерістер болуда. Аталмыш шара БАҚ-та жаңа реформалар туралы сапалы материалдардың жариялануын көздейді», дейді конкурстың ұйымдастырушылары.
Соңғы жаңалықтар