08:22, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Республика жолдарында ҚР ТЖМ-нің күшімен 20-дан астам адам құтқарылды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Жексенбі күні күндіз Алматы облысының Ырғайты ауылында 6 жүк көлігі, бір «Газель» автокөлігі және 11 адам қар құрсауында қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.

Аудандық ТЖБ-нің күшімен (4 адам мен 1 техника бірлігі) 11 адам Үшарал қаласына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ кеше кешке Қостанай облысының Затобол кентінде облыстық ТЖД-нің күшімен (3 адам мен 3 техника) «Қостанай-Әулиекөл» тас жолының 3-ші шақырымында Рудный-Петропавл бағытында бет алған жолаушылар автобусы сынып қалды, ондағы 12 адам қауіпсіз аумаққа жеткізілді.