Республикада 15 пайыздық жеңілдіктермен «Қазақстандық тауарды сатып ал» акциясы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Акция ҚР Индустрия және сауда министрлігімен және «Kaznex» экспортты дамыту және алға жылжыту корпорациясы» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.
Индустрия министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаевтың атап көрсетуінше, акция ілкі жоба ретінде бір ай бойы өткізіледі. Бұл күндері отандық өндірушілердің тауарлары, аталмыш бес қалада орналасқан «Рамстор» супермаркеттер желілерінде және Атырау қаласындағы «Идеал» бөлшек сауда желісінде 15 пайыздық жеңілдікпен сатылатын болады.
Сондай-ақ осы аптада Елбасының қатысуымен Астанада ашылған «Метро Кэш энд Керри» ірі көтерме сауда орталығы акция күндері бөлшек саудамен жұмыс істейтін болады.
«Акцияның басты мақсаты - азаматтарды отандық өнімдерді сатып алуға ынталандыру және патриоттық сезімдерін ояту», дейді ұйымдастырушылар.