Республикада 209 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 35 адам мерт болды

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сәуірдің 11-і мен 17-сі аралығында республикада барлығы 1 мың 937 қылмыс тіркелді. Олардың 48-і кісі өлтірумен, 15-і қарақшылықпен, 150-і тонау әрекеттерімен байланысты болып отыр. Сонымен қатар 929 рет ұрлық жасалған.

Республикада 209 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 35 адам мерт болды
Бұл мәліметтерді бүгін Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің өкілдері таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Департамент мәліметтеріне қарағанда, тәртіп сақшылары аталған мерзімде 1 мың 561 қылмыстың бетін ашып, іздеуде жүрген 183 қылмыскерді тапқан. Сондай-ақ 7 атыс қаруын тәркілеген. Бұған қоса соңғы аптада республикада есірткімен байланысты 234 қылмыс тіркеліп, оның 70 фактісі есіртікіні саудалаумен байланысты болған. Ал республика жолдарында 209 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 35 адам мерт болып, 279 азамат түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.