Республикада 55 мың адам нашақорлық диагнозымен тіркеуге алынған

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Республикада 55 мың адам нашақорлық диагнозы бойынша тіркеуде тұр. Оның 5 мыңы әйелдер болса, 4 мыңы жасөспірімдер.

Республикада 55 мың адам нашақорлық диагнозымен тіркеуге алынған
Бұл туралы бүгін ІІМ-де болған брифингте Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«30 мыңнан астам есірткіге тәуелді азаматтардың, немесе аталған көрсеткіштің 60 пайызына жуығы 14-30 жас аралығындағы еңбекке жарамды жандар», дейді комитет басшысы.«Есірткі тасымалдау және оны тарату қылмыстарына кәмелетке толмаған балаларды тарту, оқу орындарының маңында сату бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары белгіленген», деп атап көрсетті ол. Жыл сайын елімізде есірткі қолданудан 1,5 мың адам қайтыс болады.