Республикада ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, жел күшейеді - 4 мамырға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РММ-нің мәліметіне сәйкес, 4 мамырда республиканың солтүстік, шығыс аудандары мен Қазақстанның орталығы циклонның ықпалында болады.

Республикада ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, жел күшейеді - 4 мамырға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде екпінді жел сақталады.

Маңғыстау, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында түнде батыстан соғатын жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді, кей жерлерде желдің екпіні 25м/с-ты құрайды, жекелеген аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде құмды дауыл көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейін оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, түнде Алматы облысында желдің екпіні 18-23 м/с-ты құрайды.

Алдағы тәуліктерде оңтүстік, оңтүстік-шығыс және Қазақстанның шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.