Республикада автокөліктерді ұрлау мен айдап кетудің 78 фактісі тіркелді - ІІМ
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Мамыр айының он күні ішінде елде автокөліктерді ұрлау мен айдап кетудің 78 фактісі тіркелген.
Бұл мәліметтерді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков келтірді.
"Оның ішінде 39 факті, яғни 50 пайызға жуығы ашылған жоқ. Бұл қылмыс, әсіресе Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында кең тараған»,-деді ол.