Республикада электрондық төлқұжаттарды жаппай беру басталды - Әділет министрлігі

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі қаңтардың 5-інен бастап Әділет министрлігі электрондық төлқұжаттарды жаппай шығаруға кірісті.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Б.Әбішевтің атап көрсеткеніндей, Қазақстан Республикасы электрондық төлқұжаттардың стандарттарын бекітетін Халықаралық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі атану үшін өткен жылдың соңына дейін 2700 жаңа үлгідегі төлқұжатты шығарып, халыққа берді. 2008 жылғы желтоқсанның 30-ында ИКАО-ның толық мүшесі атанғаннан кейін электрондық төлқұжаттарды жаппай шығаруға кірісті. Қазақстан ТМД елдері ішінде мұндай төлқұжатты енгізген алғашқы мемлекет.Құжаттың алғашқы бетіне енгізілген ? азаматтың аты-жөні, жынысы, туылған күні, туған жері, азаматтығы, төлқұжаттың нөмірі, берілген күні мен жарамдық мерзімі, жеке индификациялық нөмірі, сандық фотосуреті мен қолы, толықтай төлқұжаттың соңғы бетіне көзге көрінбейтіндей етіп тігілген чипке көшіріледі. Бұл құжаттың түпнұсқалылығын тану мен шет елдердің шекаралық өткізу бекеттерінен өту рәсімін жеңілдететін болады. Электронды құжаттар 2 айдың көлемінде дайындалады. Жедел дайындалу мерзімі ? 5-15 күн аралығында. Құны бұрынғы төлқұжатпен салыстырғанда 420 теңгеге қымбат, яғни 5092 теңгені құрайды. Жаңа биометриялық төлқұжаттарды енгізу, бұрынғы төлқұжаттардың заңдылығын жоймайды және мерзімі біткенге дейін жарамды болады. Олар құжатты алғаш алатындарға, ескі құжаттарының мерзімі өткендерге, сондай-ақ ескі құжаттарын жаңа нұсқаға ауыстыруға ниет білдірген азаматтарға берілетін болады.«Электронды төлқұжатта азаматтың ұлтын жазатын бағанның жоқ болуына байланысты, Қазақстан оны енгізуді қарастыру жөнінде ИКАО-ға оның толық мүшесі ретінде ресми хат жолдады. Халықаралық ұйым 10 күннің ішінде жауап береді деп күтілуде», - деді Б.Әбішев.
Соңғы жаңалықтар