Республикада күйдіргі ауруына қатысты жағдай ушығып тұр - Бас прокуратураның ресми өкілі

Сондай-ақ тексеру қорытындылары бойынша 176 әкімшілік құқық бұзушылық және 2 қылмыстық іс қозғалған. Ал 8 іс құқық қорғау органдарына арнайы процессуалдық шаралар қолдану үшін жіберілген. Бұл мәліметтермен бүгін журналистерді Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Бас прокуратура тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде Үкіметке арнайы ұсыныс дайындауда. «Республикада қазір, әсіресе, күйдіргі ауруына қатысты жағдайдың ушығып тұрғандығын атап өту керек. Олардың тарауына көбіне мал бауыздау мен малды көму сияқты орындардың санитарлық талапқа сай еместігі себеп болуда», деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, республиканың кейбір аймақтарында аталмыш індетпен науқастанғандарға талапқа сай медициналық қызмет көрсетілмеу әрекеттері анықталған. Нәтижесінде азаматтардың кейбірінің ауруы асқынып, қайтыс болу жағдайлары да орын алған.