Республикада мектеп оқушылары тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отыр - дөңгелек үстел отырысы

АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада қалалық білім басқармасы мен қалалық прокуратура сондай-ақ «Жас Отан» ұйымының өкілдері бірлесіп, №36 мектепте «Қаладағы жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзу әрекеттерінің алдын алу» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырысқа қатысушылар келтірген мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың қаңтар айындағы жағдайға жасалған талдау жұмыстары жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 12,3 пайызға кеміп отырғандығын көрсеткен. Соған қарамастан республиканың кейбір аймақтарында қылмыстар саны біршама артқан. Кей жағдайда

тіпті жасөспірімдер тарапынан қоғамда үлкен үрей тудырған ауыр қылмыстарға бару әрекеттері де тыйылмай отыр. Осыған қарай Ішкі істер министрлігінің өкілдері ақпанның 15-і мен 19-ы аралығында республика аймағында «Мектептегі құқық тәртібі» атты жедел-сауықтыру шарасын ұйымдастырмақ. Шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы жасалатын қылмыстардың алдын алып, олардың есірткі мен спиртті ішімдіктерді пайдалану жағдайларына тосқауыл қойып, оқуға бармай жүрген жастарды анықтау болып отыр. Сонымен қатар аталмыш шара аясында жасөспірімдерге темекі мен спиртті ішімдіктер сату әрекеттерінің алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастырылады.

Бұған қоса ойын-сауық орындарына да тиісті тексерулер жүргізілмек.

Мәжіліс барысында отырысқа қатысушылар ата-аналармен балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты пікір алмасып, құзырлы органдар өкілдері оларға ақыл-кеңестер беріп, құнды деректермен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум