Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі тұтыну деңгейінен асты

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі тұтыну деңгейінен асты. Бұл туралы ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Соңғы 10 айда Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі 14,8 млрд. кВтс құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,9 пайызға көп. Сонымен қатар электр энергиясын тұтыну - 73,1 млрд. кВтс болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға аз», - делінген хабарламада.

Электр энергиясын асыра өндірген өңірлерден Жамбыл облысын (132,2%), Қарағанды облысын (108,8%), Атырау облысын (108,5%), Солтүстік Қазақстан облысын (108,2%), Алматы облысын (108,2%) атап өтуге болады. Керісінше электр энергиясын ең аз өндірген облыстардың қатарында: Шығыс Қазақстан облысы (96,2%), Қостанай облысы (95,2%), Оңтүстік Қазақстан облысы (82,3%) бар.

Соңғы жаңалықтар