Республикада өндіріс барысында дене жарақатын алу оқиғалары азайып келеді - алқа мәжілісі

АНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ағымдағы жылдың жартысында өндіріс барысында дене жарақатын алу оқиғалары төмендеді. Өндіріс барысында зардап шеккендер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6 пайызға азайып, 949 адамды құрады. Бұл мәліметтермен бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Гүлнәр Тоқсейітова мәлім етті,

Республикада өндіріс барысында дене жарақатын алу оқиғалары азайып келеді - алқа мәжілісі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жыл басынан бері еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлар тарапынан 11 мыңнан астам тексерулер жүргізіліп, 58 мың заң бұзу әрекеттері анықталған. Олардың 58,8 пайызы еңбек қатынастарына, 39,5 пайызы еңбекті қорғау қауіпсіздігіне, 1,7 пайызы халықты жұмыспен қамту жұмыстарына байланысты болған.

Сондай-ақ мәжіліс барысында еңбекшілердің құқықтары мен өндіріс үдерісін тұрақтандыру бағытында ведомствоаралық байланыс пен әкімішіліктермен және жұмыс берушілермен жұмыстардың жетілгендігі айтылды. Бұған қоса жыл басынан бері түрлі кәсіпорындармен 8 мыңға жуық меморандумдарға қол қойылып, олар бойынша атқарылуы тиіс міндеттер талапқа сай орындалуда.