Республикада статистикалық ақпараттарды пайдаланушылардың біліктілігін арттыру бағдарламасы енгізілуде

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Осы жылғы жаздан бастап Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі жанындағы тренинг және зерттеу орталығы базасында 2008 жылдың күзінде арнайы құрылған статистикалық ақпараттарды пайдалануға қатысты
None
None
кәсіби білімді агенттіктің аймақтардағы аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ тілек білдірген барлық журналистер, студенттер, талдаушылар және де басқалар ала алады. ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі ҚазАқпаратқа хабарлағанындай, осы мақсат үшін 10 бірегей модуль жасалды. Олардың негізінде жыл сайын үш мыңнан астам пайдаланушылар мен он мыңға дейін респонденттер оқып-үйрене алады.Жаңа халықаралық стандарттар бойынша тыңдау курсынан өткен бірінші топқа сертификат тренинг және зерттеу орталығында 2009 жылғы сәуірдің 10-ында берілді. ҚР Статистика агенттігі орталық офисінің мамандары статистикалық ақпараттарды пайдалану біліктілігін арттыру бағдарламасын игерген «алғашқы қарлығаштар» болды. Жобаның мақсаты ? жоғары деңгейдегі статистерді дайындаудың инфрақұрылымын жасау және техникалық, ұйымдастыру және оқу-әдістемелікті қамтамасыз ету жолымен кадр саясатын жүзеге асыруға ықпал ету.
Соңғы жаңалықтар