Республикада тұмауға қарсы егу шарасы басталды - Денсаулық сақтау министрлігі

АНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанда тұмау мен жедел респираторлы вирусты жұқпаның алдын алу үшін 250 мыңнан астам бірлік вакцина сатып алынды.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Т.Вощенкованың атап көрсеткеніндей, тұмау мен жедел респираторлы вирусты жұқпа бойынша эпидемиологиялық жағдайдың алдын алудың жыл сайынғы жоспарына сәйкес, биыл жергілікті бюджет есебінен Қазақстанның барлық аймақтарында жалпы 250 мыңнан астам бірлік вакцина сатып алынды. Тағы 100 мың бірлік вакцинаға жекеменшік медициналық мекемелер тапсырыс берді.

Қазіргі күнге дейін тұмауға қарсы 213 802 адам, оның ішінде 47 030 оқушы егілді. Жұқпаны жұқтыру қаупі жоғары топтарға жататын барлығы 253 079 адамды, оның ішінде 118 794 оқушыны егу жоспарланып отыр. Вице-министр, бұл топқа жатпайтын, бірақ көпбалалы, егде жастағы адамдар мен жүкті әйелдер бар отбасылар бұл екпені ақылы негізде міндетті түрде қабылдауы тиістігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар