11:07, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Республикада үш жаңа кардиохирургиялық орталық салынады - Ж.Досқалиев
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта республика бойынша бірқатар кардиохирургиялық орталықтарды салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада басталған Орталық Азия елдері жүрек, қан-тамырлары аурулары хирургтерінің III съезі барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, арнайы бағдарлама аясында Астана қаласындағы 180 орынды кардиохирургиялық орталықтың құрылысына - 13,5 млрд. теңге, Павлодардағы 50 орындық орталыққа - 7,5 млрд. теңге және Алматыда салынатын жаңа кардиохирургия нысанына 12,5 млрд. теңге қарастырылған. «Сондай-ақ ел аймақтарында бар кардиохирургиялық орталықтарды жабдықтауға қыруар қаржы бөлінбек», - дейді Ж.Досқалиев.