Республикада «Жасөспірім - Заң - Қауіпсіздік» шарасы өтіп жатыр - ҚР ІІМ
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 17-19 мамыры аралығында республика аумағында «Жасөспірім - Заң - Қауіпсіздік» шарасы өткізіліп отыр, оның шеңберінде «Ашық есік күнін» өткізу көзделген,
деп хабарлады ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.
Акцияның мақсаты - кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардыңалдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Шараны өткізуге 10 мыңнан астам адам, оның ішінде ішкі істер, прокуратура, білім беру органдарының, «Нұр Отан» ХДП, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылған.
Іс-шараны өткізу кезінде 144 мыңнан астам оқушылар әр түрлі объектілерге, оның ішінде қалалық, аудандық ІІО, ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінің, тәрбиелеу колонияларының, арнайы бiлiм беру ұйымдарының, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының ғимараттарына барды.
Сонымен қатар көрсетілген объектілерге барған кезде мекемелердің қызметкерлері оқушылармен түсінік дәрістері мен әңгімелер өткізді.