Республикада жауын-шашын, көк тайғақ болып, жел күшейеді - Қазгидромет

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның ауа райына циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, сондықтан жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді деген болжам бар.

Республикада жауын-шашын, көк тайғақ болып, жел күшейеді - Қазгидромет

Бұл туралы Қазгидромет мәліметтеріне сүйене отырып ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлемдейді.

Шығыс Қазақстан облысында секундына 17-22 метр, кей жерлерде 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады, Жарма ауданында секундына 30-35 метр жылдамдықта жел тұрып, кей жерлерде қарлы боран, көк тайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде секундына 15-20 метр, Жалаңашкөл маңында 20-25 метр, кейде 30 метр жылдамдықта жел тұрады.

Ақмола облысының жолдарында көк тайғақ болып, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады, кей жерлерде желдің күші 25 метр жылдамдыққа жетеді деп болжануда.

Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықта болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде соққан желдің күші секундына 12-20 метр жылдамдыққа жетіп, кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қарлы боран болып, секундына 17-22 метр жылдамдықта жел соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жолдарда көк тайғақ болып, жаяу борасын тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында секундына 15-23 метр жылдамдықта жел соғады, кей жерлерде қарлы боран тұрып, көк тайғақ болады.

Павлодар облысында секундына 17-22 метр жылдамдықта жел соғып, кейбір жолдарда көк тайғақ болады деп күтілеуде.

Қарағанды облысының жекелеген аудандарында тұман, көк тайғақ, секундына 17-22 метр жылдамдықта жел тұрады.