Республикада жаздың алғашқы күні кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Республиканың бірқатар аймақтарында атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы құбылмалы болып келеді, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с-ке дейін жел, шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде және орталығының кей жерлерінде шамадан төтенше өрт қаупі сақталуда.

Соңғы жаңалықтар