Республикада «Жұмыспен қамту» кешенді жедел-алдын алу шарасының нәтижесі шығарылды
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ағымдағы шілде айының 19-23 күндері республика аумағында өткізілген «Жұмыспен қамту» кешенді жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесі бойынша, түрлі құқықтық бұзушылықтар үшін 7 мыңнан астам кәмелетке толмаған жас, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінен мәлім еткендей, балаларды тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағаны үшін - 731 ата-ана мен балалардың тәрбиесіне жауапты тұлғалар сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды алкогольді мас күйге жеткізгені үшін - 51 азамат жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерге тартқан 6 адам анықталды. 1264 жеткіншек пен 1186 қолайсыз отбасы есепке алынды.
Сонымен бірге, еңбек заңнамасына қайшы жұмыс істеп жүрген 338 кәмелетке толмаған анықталып, 227 жұмыс берушіге қатысты прокуратура, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына ұсынымдар енгізілді.
Айта кетейік, іс-шараны өткізуге барлық дңгейдегі полиция бөлімшілері мен басқа да мүдделі мемлекеттік ведомствалар, оның ішінде білім және денсаулық сақтау органдары, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жазғы маусымда кәмелетке толмағандардың тарапынын құқық бұзушылықты ескерту және алдын алу, есепте тұрған қолайсыз отбасылардағы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.