Республикада жұмыссыздар саны 598,5 мың адамға жетті ? Статистика агенттігі

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - 2009 жылдың ақпан айында республикада жұмыссыздар саны 598,5 мың адамды құрады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Халықты жұмыспен қамту қызметінде ресми тіркелгендердің саны 66,5 мың адамды (экономикалық белсенді халықтың 0,8 пайызы) құрап отыр. Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, өндірістің қысқаруымен байланысты жұмыс нарығында азаматтардың жұмыспен толық қамтамасыз етілмеуі көрініс тауып отыр. Сондықтан, жасырын жұмыссыздық үдерісін де бақылап отыру қажет. Жасырын жұмыссыздық ? жұмыс күні немесе жұмыс аптасының толық емес күн тәртібіне ауыстырылуы, сондай-ақ қызметкерлердің еңбекақысы сақталмай, не болмаса жартылай төленіп әкімшілік демалыстарға жіберілуі. 2009 жылғы ақпан айында жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 1,9 пайызын құрады. Жүргізілген мониторингтің мәліметтеріне сәйкес, 58,3 мың адам ақпан айында еліміздің ірі және орта кәсіпорындарына жұмысқа алынса, әртүрлі себептермен жұмыстан босатылғаны ? 60,9 мың адам. Оның ішінде жұмыстан өз еркімен шыққандар ? 74,7 пайыз, қысқартылғандар ? 5,7 пайыз және басқа себептерге байланыстылары ? 19,6 пайыз.
Соңғы жаңалықтар