Республикалық маңызы бар автожолдарда су тасқыны қаупі бар 469 учаске анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Биыл былтырмен салыстырғанда жауын-шашын әдеттегі нормадан 2 есеге көп түсті, деп жазды ҚазАвтоЖол.

сел
Фото: Kazinform

Ал, бұл өз кезегінде инфрақұрылым үшін аса қауіпті. Көктемгі кезеңге дайындық қызу жүргізілуде: 535 бірлік су өткізгіш құбыр, 22,2 мың текше метр құм және 7,9 мың қап дайындалды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол қызмектерлері тәулік бойы жолдарды патрульдеп жүр, көктем жақындап, еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт жылынғандықтан, жауын-шашынның мөлшері туралы мәліметті жіті басты назарда ұстауда.

«Басты мақсат — жүргізушілер мен жолаушылар үшін жолда қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру», — делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар