Республикалық маңызы бар жолдардың бойынан 14 мың тонна қоқыс жиналды

қоқыс
Фото: ҚазАвтоЖол

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері жол бойындағы қоқысты жинауды жалғастыруда. 

 

Бүгінгі күні республикалық маңыздағы күре жолдардың бойынан 14 мың тонна қоқыс жиналды.

«Бұл қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етудегі маңызды фактордың бірі. Біз тазалықты сақтауға өзіндік үлесін қосқан әр азаматқа алғыс білдіреміз. Құрметті автожүргізушілер, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұжымы күре жолдардағы тазалықты сақтауды және қоқыс пен өзге де қалдықтарды жол бойында тастамауды сұрайды. Сапарларыңыз қауіпсіз, таза, әрі жайлы болу үшін бірлесе қызмет етейік. Елімізді және ел экономикасының күре тамыры - автожолдарды таза ұстайық, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясы. 

Соңғы жаңалықтар