Республикалық референдумға 359 халықаралық байқаушы тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Референдумге халықаралық байқаушыларды тіркеу аяқталды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. 

Республикалық референдумге 359 халықаралық байқаушы тіркелді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Оның сөзінше, 38 шетелден 133 байқаушы және 11 халықаралық ұйымнан 226 байқаушы аккредитациядан өткен. Халықаралық байқаушылардың жалпы саны — 359 адам.

— Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететінін тағы да атап өткен жөн. Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге бейімділігіміздің, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, — деді Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, бұған дейін республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум