Республикалық автокөлік жолдарында қозғалысқа шектеу алынды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Ақмола және Қостанай облыстарында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

Республикалық автокөлік жолдарында қозғалысқа шектеу алынды

Ақмола облысында бүгін сағат 19.00-ден бастап «Екатеринбор-Алматы» а/ж 913-963 шақырымы, Атбасар-Жақсы аралығында; «Жақсы-Есіл-Бұзлұқ» 0-82 шақырымы; «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 шақырымы., Қостанай обл.шекара-Сұрған аралығында; «Жезқазған-Петропавловск» 552-536 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды.

Қостанай облысында бүгін сағат 19.30-дан бастап «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» а/ж 217-232 шақырымы, Октябрьский ауылы-Ақмола обл. шекарасы аралығында қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.