Республикалық автожолдарда екі ай бойы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шаралар жүзеге асырылады

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 15 сәуірден бастап 15 маусымға дейін автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын сақтау мақсатында, сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың барлық жүйелерінде қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін екі айлық іс-шаралар жүзеге асырылады.

Республикалық автожолдарда екі ай бойы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шаралар жүзеге асырылады

«Осы орайда «2013 жылға арналған кешенді мақсатты бағдарлама» аясында жылдық жоспардан 50 пайыздан кем емес көлемде шұңқырларды жабу, 75 пайыздан кем емес деңгейде жол жабыны үстіндегі бояулы белгілерді ретке келтіру және 100 пайыз көлемде жол белгілерінің, қоршаулар мен басқа жол элементтерін тиісті күйге келтіру көзделген»,-делінген «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Екі айлық жүргізу кезінде жолдардағы 270 мың шаршы метр аумақта шұңқырлықты жою, 6 мың жол белгілерін қондыру және ауыстыру, бұған қоса 10 мың шақырым жолға бояулы белгілерді жағу бойынша жұмыстар орындалады.

Аталған шаралар республикалық маңызы бар автожолдардың техникалық жағдайын жақсартуға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.