Республикалық әйелдер кеңесі: Мемлекет басшысының халықтық реформалары - Қазақстан дамуындағы маңызды қадам

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Республикалық әйелдер кеңесі: Мемлекет басшысының халықтық реформалары - Қазақстан дамуындағы маңызды қадам

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстандық әйелдер атынан Сізді Қазақстан Республикасының Президентінің қызметіне ресми түрде кірісуіңізбен құттықтаймыз!

«Республикалық әйелдер кеңесі» ҚБ ұлықтау рәсімінде Сіз атап өткен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру міндеттерін бірауыздан қолдайды. Біз экономикалық бағдарламалардың тиімділігі мен мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған заманауи автономды мемлекеттік аппарат құру маңызды әрі ауқымды тапсырма деп есептейміз.

Меритократия қағидаты бойынша тең дәрежеде мемлекеттік қызметке деген қолжетімділікті қамтамасыз ету, мансаптық өсудің әділ жүйесі және қызметкерлерді ынталандыру - бұл жүргізіліп жатқан мемлекеттік аппараттың жүйелі реформаларының жалғасы. Мұндай жүйе жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сіз ұсынған шаралар ашықтық пен серіктестік негізінде мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен ықпалдастық механизмінің жетілуіне септеседі деп сенеміз», делінген құттықтауда.

Сондай-ақ кеңес мүшелерінің айтуынша, экономикалық өсімге жағдай жасайтын заңның үстемдігі мен меншік құқығының кепілі азаматтардың іскерлік белсенділігінің артуына серпін береді. Сот ісінің біліктілік жүйесі мен құқық қорғау органдарының ашықтығы азаматтардың бұл жүйелерге деген сенімі мен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық бастамаларды жүзеге асырулары үшін қолайлы жағдай тудырады.

«Өңдеу өнеркәсібін, ірі бизнесті сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту аймақтардың инфрақұрылымына оң әсерін тигізіп, жалпы азаматтық қоғамның дамуына бағытталады. Мемлекет басшысының халықтық реформалары - қазіргі заманғы ел ретінде Қазақстанның дамуындағы тағы бір маңызды қадам», деп түйінделген құттықтауда.