19:25, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Республикалық айтыста батысқазақстандық Б.Халиолла жеңімпаз атанды
ОРАЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - 12 қазан күні Қызылорда облысы Шиелі ауданында Сыр бойы сүлейлерінің бірі, халық ақыны, аузымен құс тістеген шешен Бұдабай Қабылұлының туғанына 170 жыл толуына орай ұйымдастырылған республикалық аламан айтыс мәреге жетті.

Аталмыш айтыста көпшілікке танымал батысқазақстандық Бауыржан Халиолла алдына қара салмай, жеңімпаз атанып, бас жүлде - «Nexia daewo» ныспылы шетелдік темір тұлпарды тақымына басты. Бұл сөз сайысына Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев, Әбілқайыр Сыздықов, Бекарыс Шойбеков сынды айтыстың 12 ақтаңгері қатысты.