«Республикалық балаларды оңалту орталығы» акционерлік қоғамының қызметкерлері Жеңіс күніне арнап Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті

АСТАНА. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанадағы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» акционерлік қоғамында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті.
None
None

Орталық өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнап, дастархан жайып, мерекелік концерт қойды. Сондай-ақ орталық өкілдері ардагерлерге арнаған сыйлықтарын табыс етті. «Республикалық балаларды оңалту орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Шолпан Бөлекбаеваның айтуынша, акционерлік қоғам Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен мұндай шараларды жыл сайын ұйымдастырады. «Біз ардагерлерді өзге де мерекелермен құттықтап тұрамыз. Мысалы Жаңа жылда, және басқа да мейрамдарда. Осы дәстүр бойынша біз ардагерлерге арнап бүгін де осындай игі шара ұйымдастырып отырмыз. Бүгінші шараға 10 ардагер шақырылды. Алайда олардың тек 6-уы ғана келе алатын болды. Жалпы алғанда акционерлік қоғамның тізімінде 22 ардагер бар. Біз олардың денсаулық жағдайын ұдайы бақылап отырамыз. Қажетті жағдайда денсаулықтарын оңалтуға көмек те көрсетеміз», - дейді басқарма төрайымы.

Соңғы жаңалықтар