Республикалық бюджет бойынша 2009 жылдың 1-ші сәуірінде бюджеттік қаражаттың игерілмеу сомасы 58,1 млрд. теңгені құрады
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылғы 1-ші сәуірдегі жағдайға қарағанда мемлекеттік бюджеттің шығындарының орындалуы, қарыздарды өтеу көрсеткішін есептемегенде 709,8 млрд. теңгеге жетті немесе төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының 87 пайызын құрады.
Бұл туралы бүгін 2009 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, оның ішінде республикалық бюджеттің шығыстары 606,4 млрд. теңгені құрады немесе бұл жоспардың 91,3 пайызы, ал жергілікті бюджеттер 338,8 млрд. теңгеге жетті және бұл 87,7 пайызға орындалды.
Республикалық бюджет бойынша 2009 жылдың 1-ші сәуірінде бюджеттік қаражаттың игерілмеу сомасы 58,1 млрд. теңге болып отыр.