Республикалық бюджет жобасына енгізілетін түзетулер Мәжілістің жалпы отырысының талқысына шығарылмақ
АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палата Бюросының отырысы өтті.
Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер талқыланды.
Қаржы және бюджет комитетінің ұсынуымен «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобалары депутаттардың талқысына шығарылатын болды.
Сонымен қатар бүгін Мәжіліс Бюросы Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобын тіркеуден өткізді. Аталған топқа Мәжіліс депутаты Ж.Әлиев жетекшілік етеді.
Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.