Республикалық бюджеттен бөлінетін қосымша қаржы қайда жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл коронавируспен күресу, эпидемиялық жағдайға қарсы шаралар үшін республикалық бюджеттен қосымша 125 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық бюджеттен бөлінетін қосымша қаржы қайда жұмсалады

«Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша, биыл коронавируспен күресу, эпидемиялық жағдайға қарсы шаралар үшін республикалық бюджеттен қосымша 125 млрд теңге қарастырылған. Оның 40,6 млрд теңгесі карантин режимінде денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді ынталандыру үшін, 19,5 млрд теңге коронавирус инфекциясын емдеу қызметі үшін, коронавируспен ауыруы мүмкін адамды ауруханаға әкелу және коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды оқшаулағаны үшін медициналық ұйымдарға беріледі. 14,8 млрд теңге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы карантин типіндегі үш модульді кешенге беріледі. 30,8 млрд теңге азық-түлік, тұрмыстық жинақтарға бөлінеді. Оны төтенше жағдай кезіндегі тұрғындардың арнайы тобына жататын 18 жасқа дейінгі балалар, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері, арнаулы әлеуметтік көмек алатындар, тіркелген жұмыссыздар және мүгедек балаға қарап отырғандар алады. 1 млн адам тұрмыстық жинақпен қамтылды. 8,1 млрд теңге медициналық қызметшілерге, Қарулы күштер әскери қызметкерлеріне сыйақы ретінде беріледі. 4 млрд теңге байланыс және ведомствоаралық ақпараттық жүйелер қызметімен қамтуға бөлінеді. 1,3 млрд теңге әлеуметтік азық-түлік заттарды алуға және блокпосттарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге бөлінеді», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Сондай-ақ, 225 млн теңге сенсорлы термометр алуға бөлінеді.

«200 млн теңге ақпараттық түсіндіру жұмыстарына бөлінеді. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында бөлінетін барлық қаржыға үнемі мониторинг жүргізіледі», - дейді ол.