Республикалық бюджеттің шығыстары 99,1% атқарылды – Қаржы министрлігі
«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,1 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5 пайызға атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 136 млрд теңгені құрады. 74 млрд теңгеге атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 13 млрд теңге, игерілмегені – 61 млрд теңге», - деді министр Үкімет отырысында.
Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасау рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеуге байланысты тауарларды жеткізбеу.
Қаржы министрінің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 4 трлн 172 млрд теңгені құрады, 62 млрд теңгеге атқарылмаған.
«Биыл өңірлерге сомасы 2,3 трлн теңгеге нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша 1 тамыздағы кезеңде оларға 1,1 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 98,3 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 19 млрд теңге. Оның ішінде үнемдеу – 4 млрд теңге, игерілмегені – 15 млрд теңге», - деп түсіндірді Е. Жамаубаев.