Республикалық диагностикалық орталығы брахитерапияның жаңа әдісіне көшті
АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы Республикалық диагностикалық орталығы жанындағы Амбулаторлық урология орталығы алғаш рет қуық асты безінің обырын емдеудің - брахитерапияның жаңа әдісін жүргізуге кірісті.
Қуық асты безінің обыры (простата обыры) - бүгінгі күні ер адамдарда көп тараған ісік аурулардың бірі. Бұл ауру онкологиялық аурулардан болған өлімдердің тізімінде екінші орын алады және барлық диагностикаланған жаңа құрылымдардың арасында шамамен үштен бірін құрайды. Жас келе ер адамдарда простота обырының дамуы жиілейді - егер жас адамдарда ол сирек кездессе, 45 жастан бастап ауру өрши түсіп, 70 жасқа келгенде 30 - 40 пайызға жетеді.
Таяу уақытқа дейін қуық асты безінің обырын дәстүрлі емдеу әдісі радикальды простатэктомия болып табылатын. Бұл ретте, осы ота түрі жасалған ер адамдардың 40 пайызы, соңында бір қатар аурулардан зардап шегетін. Бүгінде отандық дәрігерлерге жаңа баламалы әдіс - брахитерапияны пайдалану мүмкіндігі туды. Брахитерапия радиоизотопты диагностикаға және онкологиялық ауруларды радикалды араластырмай, изотоптардың көмегімен зерттеуге және емдеуге мүмкіндік беретін, бүкіл әлемде қарқынды дамып келе жатқан медициналық бағыттан тұратын терапияға жатады.
Брахитерапия - қуық асты безінің обырын радикальды емдеудің инновациялық, аса қымбат және төтенше тиімді әдісі, бұл ретте радиоактивті сәулелену көзі радиоактивті тұқым түрінде тікелей зақымданған органға әсер етеді. Бұл ретте тұқым тараған орынға, жалпы барлық ағзаға теріс радиациялық әсер еткізбей, үлкен радиоактивті жүкке қол жеткізледі.
Брахитерапия радикальды простатэктомия және қашықтықтан емдейтін сәулелік терапия сияқты дәстүрлі емдеу әдісіне шынайы балама болады деп саналады. Сырқаттар дұрыс анықталса, операция кәсіби жасалса қуық безінің обырын толық емдеп жазуға болады.
Бүгін Республикалық диагностикалық орталықтың базасында «қуық безі обырын брахитерапия әдісімен емдеу» шеберлік сабағы өтті. Оның барысында Урология ҒЗИ мен Ресей Федерациясының «Бебиг» ЖШҚ мамандарының қатысуымен қуық безінің обырын радикалды емдеудің онлайн-трансляциясы өтті.