Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командасы I орынды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы ақпан айының 17-20 күндері аралығында Алматы қаласының «Алатау» санаторийі базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командасы I орынды иеленді

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 4 бағыт, 18 секция бойынша өткізілді. Республикалық ғылыми жоба конкурсының IV кезеңіне 51жоба, 57 оқушы қатысты.

Астана қаласы оқушыларының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсында 2005 жылдан бері I жүлделі орынды, «Ең үздік команда» атағын 9 -шы рет иеленіп келеді.

Биыл да Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командасы I орынды иеленді.