18:02, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Республикалық іздеуде жүрген қылмыстық топ жетекшісі құрықталды
КӨКШЕТАУ. Қыркүейктің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров - Ақмола облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел іздестіру тобы жылдан астам уақыт бойы республикалық іздеуде жүрген қылмыстық топ жеткшісін Көкшетау қаласында қолға түсірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылту ауданының 30 жасар тумасы, күрестен спорт шеберлігіне кандидат бұл жігіт бұрындары бірнеше рет ұрлық, бұзақылық жасағаны үшін сотталып, жазасын өтеген көрінеді. Өткен жылдың мамыр айында Зеренді ауылының тұрғынына ауыр дене жарақатын салғаны үшін ҚР ҚК-сінің 103-ші бабы 1-ші тармағы бойынша іс қозғалып, іздеу жарияланған болатын. Алдан ала жасалынған болжамға сәйкес, күдікті облыс орталығында шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысып келген. Қазіргі кезде сот шешімімен уақытша қамауға алынып, тергеу амалдары жалғастырылуда.