Республикалық Қастеев атындағы Өнер мұражайына жаңа директор тағайындалды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бақыт Сералиев Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының директоры болып тағайындалды. Жаңа басшыны бүгін Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мұражай ұжымына таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бақыт Сералиев бұған дейін мұражай директорының орынбасары, соңғы жарты жылда директор міндетін атқарушы болып қызмет еткен. Б.Сералиевтің 30 жылдан астам уақыттан бері бейнелеу өнері саласында қызмет етіп келе жатқанын атап өткен М.Құл-Мұхаммед Республикадағы бас мұражайдың қазіргі ахуалына да тоқталып өтті. Мұражай құрылғаннан бергі 30 жылда онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Өткен жылы жөндеуге 260, 3 миллион теңге бөлінген. Биылғы жылы 167,2 миллион теңге бөлінсе, 2010 жылы 342,7 миллион теңге бөлінбек. «Қаржы дағдарысына қарамастан мұражай ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы қысқартылмайды. Биылғы жылы 2008 жылмен салыстырғанда мұражайды сақтауға бөлінген қаржы көлемі көбейді. Экспонаттарды алуға да екі есе жоғары қаржы қарастырылған. Қазіргі кезде тек жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ғана 700 миллион теңге бөлінді», деді министр.Министр бұнымен қатар биылғы жылы мұражайдағы картиналардың Дрезден галереясында, Біріккен Араб Әмірлігіндегі мәдени күндері аясында көрмелері өткізілетінін атап өтті. «Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы еліміздің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы болып саналады. Қазіргі кезде мұражайда белсенді зерттеу-ағартушылық жұмысы жүргізілуде, жыл сайын халықаралық және ғылыми конференциялар, көрмелер ұйымдастырылып жүр. Мәселен, өткен жылы Моңғолия мен Жапонияда ұйымдастырылған көрмелер өте сәтті болды», деп атап өтті М.Құл-Мұхаммед.
Соңғы жаңалықтар